Құқық қорғау органдары

Көктайғақтың салдары

Тосын мінезін жиі көрсетіп тұратын теріскейдің ауа райы кеше тұрғындарды тіпті таң қалдырды. Облыс аумағында бұршақ аралас жаңбыр мен қар жауды. Кейін ол қатып, көктайғаққа айналды.

Жаяу жүргіншілер де, көлік жүргізушілері де біраз әбігерге түсті. Әйтеуір, ешқандай көлік апаты болған жоқ. Қолайсыз ауа райына байланысты өңірде барлық бағыттағы жолдар уақытша жабылған болатын. Жиналып қалған темір тұлпарларды тәртіп сақшылары бір колоннаға тізіп, тұраққа дейін жеткізген. Мамандардың сөзінше, Тайынша ауданына қарасты Келлеровка маңында – 30, Шал ақын ауданында 20-ға жуық машина жолдың ашылуын күтіпті.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚ басқармасының инспекторы:

– Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласының маңындағы Челябі-Новосібір тас жолында автокөліктер жиналып қалды. 60-тан аса автоколік жиналды.