Мәдениет

Абай Құнанбаев туралы дөңгелек үстел жиыны өтті

Абайдың өлеңдері мен қара сөздері адамға рухани азық береді. Бүгін қазақ мектеп-гимназиясында жергілікті университет оқытушылары және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Шарада Абай туындыларының тағылымын жастардың бойына сіңіру жайлы сөз қозғалды.

Бұл – қазақ мектеп-гимназиясындағы Абай орталығы. Мұнда оқушылар өз қолдарымен киіз үй құрастырыпты. Ал мынадай сөрелерге ұлы ақынның шығармалары тізіліп қойылған. Ұл-қыздар кітаптан алған әсерін әйнектің үстіне құммен сурет салу арқылы жеткізеді екен. Кейін шараға келгендерге дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы тақырыбында сөз қозғалды.

Айнагүл Есқалиева – облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері зертханасының жетекшісі:

– Ұл-қыздарды ол кісінің ілімімен тәрбиелеп жатырмыз. Жстардың көбі ғылымға құштар.

Расымен де, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері адамға рухани азық береді. Сондай-ақ, туындылары адамды ізгілік жасауға және оқып, білім алуға шақырады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің өзінде ұлы ақынның шығармаларың тереңінен талдап, зерттеп-зерделеу мақсатында түрлі маңызды шаралар ұйымдастырылып жатыр екен.

Жанбай Қадыров – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:

– Университетте Абай тану курсы ашылды. О аптасына екі рет өткізіледі.

Айта кетейік, биыл Абай Құнабаевтің дүниеге келгеніне 175 жыл толады. Мерейтойға орай қаладағы мектептер мен университетте ұлы ақынға арналған шаралар жалғаса бермек.

Маржан Қасымбек