МТРА жаңалықтарыҚұқық қорғау органдары

Тайынша ауданында пакеттен нәрестенің өлі денесі табылды

Жантүршіктірерлік оқиға орын алды! Ақпанның 25-і күні полицейлер Тайынша ауданына қарасты Обуховка селосынан нәрестенің өлі денесін тапты.

Ол пакетке оралған күйінде, ауладағы құрылыс нысандарының артынан табылған. Жаңа туылған қыз баладан зорлықпен өлтіру белгілері анықталды. Күдікті – өзге емес, шақалақты дүниеге әкелген анасы. Нәзікжанды өмір есігін шыр етіп ашқан нәрестені жауыздықпен өлтірді деген болжам бар. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның қорытындысы алдағы уақытты белгілі болады. Егер де келіншектің іске қатысы бары анықталса, ол жазаға тартылмақ.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Күдікті – 92-ші жылы туылған Обуховка селосының тұрғыны. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Жаңа туған баланың өлімінің себебін анықтау үшін нәрестенің денесі медициналық сараптамаға жіберілді.

Байболат  Култанов