Қоғам

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды. Қалалық мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналып тақырыптық кеш өтті. Шараны Әскери институт курсанттары мен ішкі істер органдарының қызметкерлері бірігіп ұйымдастырған. Мақсат – қарт майдангерлерге сахна төрінде құрмет көрсетіп, өсиетін жастардың көкірегіне түю.

Бұл өлеңнің мәтінінде терең мағына жатыр. Сұрапыл жылдары батырларымыз бір жұдырықтай жұмылып, өз өмірлерін қатерге тіге отыра елін, жерін жаудан қорғады. 1941-45 жылдары мыңдаған ана баласынан айырылды.

Миллиондаған сәби әкесіз өсті. Жүздеген адам хабар-ошарсыз кетті. Соғыс әр үйде, әр адамның өмірінде жазылмас жараның ізін қалдырды. Содан бері 75 жыл өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет қашан да жоғары болды. Өкінішке қарай, күн өткен сайын қарт майдангерлеріміздің қатары сиреп барады. Бүгінде біздің облысымызда 58 ардагер қалған екен. Оның басым бөлігі мұндай жиындарға келе алмайды. Дегенмен, араларында белсенділері бар. Степан Башкиров пен Иван Клименконың әл-қуаты әлі қайтпаған. Қос ардагер жас ұрпақпен жүздесіп, бейбіт өмірді бағалау туралы өсиеттерін жиі айтады.

Степан Башкиров – Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Біз қазір ашық аспан астында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Осыны қадірлей білу керек. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Мектептерге барып, балалармен кездесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап беруге тырысамыз. Бастысы, бейбіт өмірдің құндылығын түсініп, аталарының ерлігін ұмытпаса екен дейміз.

Бүгінгі шара Ұлттық ұланның Әскери институтында өтіп жатқан оқу-әдістемелік жиындар аясында ұйымдастырылыпты. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 74 офицер келген екен. Осындай кездесулер арқылы жастардың патриоттық сезімін дамыту көзделіп отыр. Кеш соңында ұйымдастырушылар соғыс ардагерлеріне арнап майдан әндерін шырқады.

Дана Сәлімқызы