Құқық қорғау органдары

Лаңкестік туралы жалған ақпарат берген теріскейлік сотталды

Ойланбай жасалған іс жазаға әкеп соқтырды. Терроризм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қала тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өткен жылдың қазан айында 102 нөміріне белгісіз ер адам хабарласып, Н.Назарбаев көшесіндегі 154-ші үйге бомба қойылды деп айтқан. Ақпарды ала сала мамандар дереу аталған мекенжайға жетіп, тиісті тексерулер жүргізеді. Нәтижесінде ешқандай да жарылғыш зат табылмайды. Ал жалған ақпарат таратқан адамды тәртіп сақшылары бірден тапқан. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам масаң күйде болған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 243-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, еріккен ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Соңғы жылдардағы талдау көрсеткендей: 2018 жылы осындай 10 факті, өткен жылы 3 факті тіркелген болатын. Ал жыл басынан мұндай жалған қоңыраулар тіркелмеген екен.

Дана  Ешкенова