Бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы

МТРА жаңалықтары

21:44 26 Ақпан 2020

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  мақсаты бойынша пайдаланылмай, бос жатқан жерлерді / мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған болатын. Жүктелген міндет өңірімізде тиісті деңгейде орындалып жатыр. Былтыр облыстық жер инспекциясы басқармасының мамандары 500-ден астам тексеріс жүргізіп, 8 ауылшаруашылығы алқабын тәркілеп алу жөнінде шешім қабылдаған.

Солтүстік Қазақстан облысы аграрлы аймақтардың бірі дейміз. Топырағы құнарлы, жауын-шашыны мол. Бірақ, сонда да өңірімізде кейбір шаруалар сол жердің ырысын жөнді пайдаланбай отыр. Былтыр облыстық жер инспекциясы басқармасының мамандары 627 мың гектар жерге 560-қа жуық тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде 338 заңбұзушылық анықталған. Оның 224,2 мың гектары жайылым жерлері болса, 46,6 гектар – егістік алқаптары.

Ирина Микотина – СҚО жер инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

– Біз ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтарып алмастан бұрын оған тексеріс жүргіземіз. Бірінші жылы инспекторлар шаруаға барып ескерту жасайды, осылайша оны бақылауға аламыз. Егер 2 жылдың ішінде адам оны ескермей жатса, істі сотқа жібереміз. Сол жақта нақты шешім шығады.

Осылайша былтыр қателіктерді жою мақсатында 300 ескерту жасалыпты. Ал, ескертулерді елемеген 31 жанға сот 7 млн теңгеге жуық айыппұл салған.

Ирина Микотина – СҚО жер инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

– Жалпы, 25 жер учаскесі қайтарып алынды. Оның 16-сы – қала бойынша, ал 8-і – ауыл шаруашылығына байланысты жерлер. Біздің мақсатымыз әрбір гектарды бос қалдырмай, оны тиімді пайдалануға беру. Егер ол коммерциялық мақсаттағы жер болса онда үй тұрғызылуы керек, ауыл шаруашылығы алқаптары болса өнім алынуы тиіс.

Ирина Микотинаның айтуынша өткен жылы тәркіленген 7 жарым мың гектардан астам жер телімдерінің басым бөлігі Айыртау ауданына тиесілі екен. Яғни, бұл аумақтан мемлекет меншігіне 4 мың 296 гектар қайтарылып алынған. Ал облыс орталығында құрылыс мақсатында берілсе де тиісті бағытта қолданылмай келген 22,5 мың гектардан аса учаске тәркіленіпті.

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Айыртау ауданына жаңа әкім тағайындалды
Биыл 300 жер үй сүріледі
Мәдени және спорттық шаралар кейінге шегерілді
Мемлекеттік органдарға жүргізілген сыртқы талдау жұмысы
Жерлестеріміз 00:00-ге дейін қалаға кіріп-шыға алады
«Диалог» бағдарламасы
Далаға себепсіз шығуға болмайды
“Мал ұрысы” жедел-алдын алу шарасының қорытындысы
Қала айналасындағы блокпосттардың саны қысқарды
Облыстық әділет департаменті қашықтықтан жұмыс істеуге көшті
Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті
Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты өзгереді