Қоғам

Еріктілік қозғалысты дамыту

Мен еріктімін! Дәл осындай атаумен С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада белсенді солтүстікқазақстандықтарға арналып оқыту семинары өтті.

Жиында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлері инновациялық идеялармен бөлісіп, ұл-қыздардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту жайы талқыланды. Жерлестеріміз шараға спикер ретінде Ресейдің Омбы қаласынан өздерінің әріптестерін де шақырыпты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың бойындағы жауапкершілікті арттырып, жиі / еріктілік іс жасауға баулиды дейді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Роман Хохлов – СҚО ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі:

– Біріншіден, мұндай кездесулер еріктілерге қайырымды іс жасауға серпін береді. Алдағы уақытта осыған ұқсақ шараларды жалғастырамыз. Оларға жергілікті жастардан бөлек, өзге жақтан шақыртылған қонақтар да қатысатын болады.

Ермек Хапизов – РХА жастар үйлестірушісі, Омбы қаласы, РФ:

– Осындай тренингтердің арқасында қатысушылар еріктілік штабтардың жетекшілері бола алады. Олардың бастауымен қоғамда түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, жастар елдегі тұрақтылықты сақтау бағытында да ауқымды жұмыс жүргізеді. Бүгінде Ресей аумағында 200-ден астам ұлт өкілі тұрады. Біздің басты мақсатымыз – халықтар арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

Маржан Касымбек