Спорт

Қызылжарлықтар алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

Көптен күткен жеңіс! Солтүстікқазақстандық “Qyzyljar” ФК Түркияның Белек қаласында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында алғаш рет қарсыластарынан басым түсті.

Сенбі күні жерлестеріміз түркиялық “Еспарта Емреспор” құрамасын тізе бүктірді. Есеп – 3 те 1. Петропавлдықтар сапынан жақында ғана қатарға жаңадан қосылған Игорь Зенькович 2 мәрте көзге түсті. Тағы, Максим Скорых гол авторы атанды. Қызылжарлықтар келесі кездесуін ақпанның 25-і өткізеді. Бұл жолы біздің жігіттер польшалық командамен күш сынаспақ.

 

 

Магжан Ахмадина