Қоғам

Судьялардың өкілеттігі жоғарылауы мүмкін

Қазір еліміздің Парламентінде заңнамаға өзгерістер енгізу жайы қарастырылып жатыр. Жаңашылдық күшіне енсе судьялардың өкілеттігі артатын болады. Бұл жайлы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде айтылды.

Қазір еліміздің заңнамасына судьялардың өкілеттілігін жоғарылату бойынша өзгертулер еңгізу жайы қарастырылып жатыр. Жаңашылдық күшіне енсе фемида өкілдерінің қызметтік мүмкіндіктері артады. Мәселен, олар сот отырыстары кезінде қос тараптың дәлел-дәйектерін белсенді талқылап, басқа да айғақтарды талап ете алады болады.

Гүлзия Едіресова – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы:

– Барлық адамның қорғаушы жалдауға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті кейбір істер жеңіл-желпі қаралады. Яғни, қос тарап қанша және қандай дәлел әкелсе, соған байланысты үкім шығарыла беретін. Енді айғақтарды судья өздігінше сұрап, мәселемен тереңірек таныса алады. Бұл шешімнің әділ болуына септеседі.

Оның үстіне жаңашылдық соттың жұмысын жеңілдетеді әрі қатысушылардың да уақытын үнемдейді. Мысал үшін кез-келген азаматтық істі алайық. Алдағы уақытта тың заңнама күшіне енсе, судьялар оларды электронды форматта ешкімнің қатысуынсыз жеке қарастыра алатын болады.

Гүлзия Едіресова – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы:

– Қазір соттардың 7 ұйғарымын алып тастау жайы ұсынылып отыр. Бұл – артық бюрократияны жою мақсатында жасалып жатқан іс. Жаңашылдық күшіне енсе судьялардың жұмысы әжептәуір жеңілдейді.

Тағы, өзгеріс аясында фемида өкілдері қандай да бір іске қатысы бар деген куәгерлерді бейне байланыс арқылы тыңдай алатын болады. Айта кеткен жөн, заңнама әлі өз күшіне енген жоқ. Ол бүгінде ел Парламентінде қарастырылып жатыр. 

Бердимурат Баймухан