Мәдениет

“Ұлы даланың ұлағаты” атты концерт өтті

Демалыс күндері қаладағы ойын-сауық орталықтарына асығатын жұршылық үшін ерекше концерт өтті. Тұрғындарды кіреберістен әуезді күймен Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі қарсы алды.

“Сарыарқа”, “Балбырауын” мен “Адай”. Бұл – күй атасы Құрманғазының төл шығармалары. Қазақтың кең даласына деген махабатынан туған туындылар бүгін биылғы мерейлі даталар қарсаңында тыңдармандар алдында тағы бір мәрте орындалды. Естеріңізде болар, облыс аумағында ұлы тұлғалардың мерейтойларын атап өту өткен аптада салтанатты түрде бастау алған еді.

Қайырлы Ғафуров – Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, ҚР мәдениет қайраткері:

– Біздер осы Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі қаламыздың ең бір көрікті, көрермендер көп жиналатын жерде сол концерттің жалғасы ретінде өз өнерімізді ұсынып жатырмыз.

Бүгінде бізге ұлы ақынның «Майда қоңыр», «Абайдың желдірмесі», «Май түні», «Торы жорға» атты күйлері ғана жеткен. Шарада соңғы аталған екі туынды орындалды.

Ойын-сауық орталығында аспап үні мүлдем басқаша шығатыны түсінікті жайт. Өйткені, бұл жер сахна сияқты арнайы жабдықталмаған. Десе де, білікті ұжым өз кәсібиліктерін дәлелдей білді.

Бәйімбет Кұбайдолла – Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің мүшесі:

 – Бұл жер концерттік зал болмаған соң акустика жағынан біраз қиындықтар бар. Бірақ, біз енді барлығымыз кәсіби музыкант болған соң әрбір жерге бейімделе береміз. Онда қиындығы жоқ. Ең бастысы халыққа ұнаса болды.

Негізі, 1 сағаттық шара барысында 20-ға жуық күй орындалды. Ұжымның өнері қауымның көңілінен шықты.

– Концерт жайлы жарнамадан естіп кішкене демалу үшін арнайы келіп отырмыз.

– Ойын-сауық орталығына қыздармен бірге келгем. Кіреберістен оркестр күймен қарсы алды. Тамаша әсер қалдырды.

Актолкын Солтанханкызы