Спорт

Петропавлда футзалдан халықаралық турнир өтті

Петропавлда екі күн бойы футзалдан халықаралық турнир өтті. Оған жергілікті құрамалар мен Ресейдің Омбы қаласынан келген команда қатысты. Бүгін ойынның ақтық кезеңі ұйымдастырылып, үздіктер анықталды.

Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі мен жергілікті жоғарғы оқу орнының жастары қазір 3-ші орын үшін бәсекеге түсіп жатыр. Қос құрама да осал емес. Алма-кезек гол соғулардан кейін университет командасы қарсыластарын 10 да 4 есебімен ойсырата жеңді.

Ендігі кезек – ақтық ойында. Жігіттер сақадай саймыз дейді. Әсіресе, кәсіптік-педагогикалық колледжінің ұлдары жылда чемпион атанып жүр. Олар биыл да жеңіс тұғырынан көрінетіндеріне сенімді.

Мейірхан Төлебай: “СҚ КПК” құрамасының ойыншысы:

– Біз бәріміз “Қызылжар” ФК жастар командасында ойнаймыз. 1:19 Финалға шықтық, Омбының құрамасымен ойнаймыз. Жеңіске жетемін деген ойдамын.

Жергілікті колледж құрамасының бүгінгі қарсыластары – Омбы авиациялық колледжінің намысын қорғай келген жігіттер. Қонақтардың қарқыны нығыз болғанымен жерлестеріміз де есе жіберер емес. Алғашқы минуттардан басымдылық танытқан теріскейлік жастар бірінші периодты 3:0 есебімен аяқтады.

Влад Моденов – “Омбы авиациялық колледжі” құрамасының қақпашысы, РФ:

– Былтыр біз үшінші орынға табан тіреген едік. Осы жолы одан да жоғары нәтиже көрсетуге тырысып-ақ жатырмыз. Бірақ, солтүстікқазақстандық жігіттер өте жақсы ойнайды екен.

Ойын ақыры 5:4 есебімен аяқталды. Жеңіс – жергілікті жастардың еншісінде.

Осылайша, кәсіптік-педагогикалық колледжінің құрамасы – 1-ші, омбылықтар – 2-ші, ал ал М.Қозыбаев атындағы СҚМУ командасы 3-ші орынға тұрақтады. Бұдан бөлек қақпашы, шабылдаушы, қорғаушы мен жаттықтырушылардың арасында да үздіктер анықталып, жеке-жеке номинация бойынша жүлделер табысталды.

Маржан Қасымбек