Қоғам

Пайдасы шамалы шараларды “Рухани жаңғыру” аясында өткізу тыйылады

Елбасының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласына биыл 3 жыл толып отыр.

Бұл мақала халқымыздың ұлттық кодын сақтап, тұрмысын жақсартып, тарихқа бет бұруға және қоғамда өзге де құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде 13 арнайы жоба жүзеге асуда. “Рухани жаңғыру” аясында былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңға тарта іс-шара өтіпті. Алайда, пайдасы мен маңызы шамалы, тым шағын әрі формалды отырыс-жиындардың барлығын бағдарламалық мақалаға бекітіп қойып, өткізе салу белең алып барады. Биыл бұған жол берілмейді. Іс-шаралардың сапасына баса назар аударылмақ.

Рысжан Нұрғалиева – «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ директоры:

– 20-шы жылға құрылған жоспарға өткен жылы өткізілген шағын, формалды түрде жүргізілетін және дәстүрлі іс-шараларды алып тастап, биылғы жылы нақты рухани жаңғыру және сананы жаңғырту бағытында өткізілетін іс-шараларға көп мән бердік. 110 тармақ пен 3 бағыттан тұратын жұмыс жоспары бекітілді.

Саят Ермек