Құқық қорғау органдары

Теріскейлік 2 жігіт басқарған қос көлік көрші облыста соқтығысып қалды

Теріскейлік 2 жігіт басқарған қос көлік көрші облыста соқтығысып қалды. Оқиға Ақмола облысындағы Зеренді ауданында болған.

Ақжар ауданының 20 жастағы тұрғыны Mazda көлігімен Көкшетауға қарай бет алған көрінеді. Бірақ, жолда рөлге ие бола алмай қарсы бетке шығып кеткен. Содан барып дәл осы аудандағы Байтұс ауылының 75-ші жылғы азаматы басқарған Lada Largus-қа барып соғылады. Жантүршіктірерлік жол-көлік апатынан 2 көліктің де жүргізушілері мен соңғы аталған машинада отырған жолаушы қаза тапты. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиғаға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Автотехникалық сараптама тағайындалған.

Актолкын Солтанханкызы