МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерге көмек көрсетілді

Іске кәсіпкерлер палатасы араласпаған жағдайда петропавлдық серіктестік шығынға батар еді. “Юна-ЛТД” компаниясы алақол жеткізушілермен келісім шарт жасасып, ақыр соңында өздері опық жеп қалған. Яғни, серіктестерінің орнына ірі көлемде салық төлеуге мәжбүр болған екен.

“Юна-ЛТД” серіктестігі 20 жылдан астам облыс орталығы мен өлкеміздегі бірнеше елді мекенге көмір тасумен айналысады. Істі адал атқарған, ешқандай олқылық орын алмаған. Алайда, 2019-да кәсіпорын қиындыққа тап болады. Бұл жылы компания қостанайлық алақол жеткізушімен келісім шарт жасасады. Мұны басшылық білмеген екен. Дегенмен, заңбұзушылық салық тексерісі кезінде анықталады. Осылайша ұйымға ірі көлемде айыппұл салынады. Оның үстіне сот директордың барлық жеке меншігін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Алик Дядин, «Юна-ЛТД» ЖШС директоры:

– Бізбен жұмыс істеген «Уголь Торг» компаниясы қосылған құн салығын, табыс салығын және төлемақы өсімін өтеуден жалтарып жүрген. Сол себепті, соттың шешімімен мұның барлығын біз төлейтін болдық. Жалпы, сома 8 млн теңгеге жуықтайды.

Бұл жағдайдан соң бизнесмен “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалына жүгініп, қызметкерлерден көмек сұрайды. Мамандар оған жәрдемдеседі. Яғни, түйткілді жіті зерттеп, азаматпен бірге сотқа арыз жазады. Осының арқасында іс тоқтатылады. Жақында тағы бір сот отырысы өтпекші. Мұнда мәселе қайта қаралмақшы.

Инесса Қуанова – СҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы:

– Кәсіпкерлер палатасына жыл басынан бері осыған ұқсақ жағдаймен 4 кәсіпкер жүгінді. Олар 274 млн теңге көлемінде қосымша салық төлеген. Бұл өте үлкен сома. Ақшаны іскер жандар емес, азаматтардың әріптестері төлеу керек болған.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қандай да бір қиындыққа тап болған бизнесмендерге кез келген уақытта көмек көрсетуге дайынбыз дейді.