МТРА жаңалықтары

«FlyArystan» әуекомпаниясы жыл соңында жаңа рейс ашуы мүмкін

«FlyArystan» әуекомпаниясы жыл соңында жаңа рейс ашуы мүмкін. Яғни тұрғындар Петропавлдан Нұр-Сұлтан қаласына әуе кемесімен тура қатынай алады.

Мамандардың айтуынша бұл халықтың сұранысына байланысты жүзеге асады. Егер жаңа бағыт ашылып жатса билеттің бағасы да қолжетімді болмақ. Қазіргі күні «FlyArystan»-ның 4 ұшағы бар. Әуекомпаниясы 20 шақты бағытта жолаушы тасымалдайды.

Жанар Жайлауова – «FlyArystan» әуекомпаниясы маркетинг және сату бөлімінің директоры, Алматы қаласы:

– Біздің компанияның Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бекеттері бар. Көктемде Қарағандыдан ашқалы жатырмыз. Бұл бізге ел бойынша рейс санын көбейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жыл соңында Петропавлдан Нұр-Сұлтан қаласына тура рейс ашылуы мүмкін. Бұл – халықтың сұранысына байланысты жүзеге асатын шаруа.

Бердимурат Баймухан