Құқық қорғау органдары

Қарлы шатырды тазалау бойынша жауапкершіліктің орындалуы

Күннің жылынғаны, әрине, жақсы. Алайда, температура жоғарылаған сайын биік ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырларынан мұз сүңгілер салбырап, қар үйінділері құлайын деп тұр.

Ол адамның басына түссе, миын шайқап, ауруханадан бір-ақ шығаруы не өмірін қиюы мүмкін. Құтқарушылар көктем жақындаған сайын шатырдан төнетін қауіпті назарсыз қалдырмауды ескертеді. Қар мен мұз салбырап тұрған нысандардан аулақ жүрген абзал. Пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары, сауда орындары және ғимараттардың иелері өздеріне тиесілі нысандардың шатырларын тазартып отыруға міндетті. Бірақ, бұл міндетті бәрі бірдей орындай бермейді. Іске полицейлер кірісті. Тәртіп сақшылары жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін тиісті шаруаны тындырмағандарға қатысты 700-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған.

Актолкын Солтанханкызы