МТРА жаңалықтары

Ақша бопсалағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақша бопсалағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Петропавлдық блогер әлеуметтік желілерде қоғамдық көліктердің жұмысын сынап, әрекетін доғару үшін жүргізушілерден ауызбастырық талап еткен. Сөйтіп жүріп тәртіп сақшыларының қолына түседі. Бүгін аталған іске қатысты қалалық сот үкім шығарды. 

Маржан Қасымбек – тілші:

– Бұл оқиға өткен жылдың жазында болды. Мұнда Петропавл қаласының тұрғыны Константин Тимичев Инстаграмм желісінде арнайы парақша ашып, қаладағы қоғамдық көліктер мен жүргізушілердің қызметіне шағымданған. Оның үстіне тұрғындардың пікірі жазылған видеороликтерді де түсіріп, жүктеп отырған.

– Инстаграмнан алынған видео: тұрғынның пікірі.

Уақыт өткен сайын Константиннің парақшасына тіркелушілердің саны өсіп, оны қолдаушылар да көбейе бастайды. Дәл осы кезде блогер арам ойын іске асырмақшы болады. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің әрқайсысы күніне 200 теңгеден беріп отырмаса, жұмыстарын әлеуметтік желіде қаралап жазамын деп бопсалайды. Содан осы сала өкілдерінің бірі 110 мың теңге беріп тынған. Константин мұнымен тоқтамай, «Партнер авто» серіктестігінің директорынан ақша сұрайды. Кәсіпкер бірден полицейлерге хабарласады.
Тергеу жұмыстары жарты жыл жүргізілген іске қатысты нүкте бүгін қалалық сотта қойылды.

Михаил Гусев, Петропавл қалалық сотының судьясы:

– По совокупности уголовных правонарушений путем поглощения менее строгого наказания более строгим суд приговорил К.Тимичева к 5 годам лишения свободы с отбыванием наказания в уголовно-исполнительном учреждении максимальной безопасности.

Тараптар үкіммен келіспеген жағдайда 15 күн ішінде қайта шағымдана алады.

Маржан Қасымбек