МТРА жаңалықтары

29 жастағы тәртіп сақшысы өзіне-өзі қол жұмсады

Петропавлда тәртіп сақшысы өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға ақпанның 15-і күні жалдамалы пәтерде орын алған. 29 жастағы азамат Смирново селосының тұрғыны екен. Марқұмның полиция қатарында қызмет еткеніне небәрі бір-ақ жол болыпты.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір жігітті мұндай қадамға баруға не итермелегені анықталып жатыр.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Аққайың ауданы полиция бөлімі қызметкерінің суицид жасау бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеріс тағайындалды. Тергеу барысы – СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың жеке бақылауында.

Актолкын Солтанханкызы