Аптадағы маңызды жаңалықтар

Стамбулда Құмар Ақсақалов түркиялық инвесторлармен жүздесті

Әріптестіктің жаңа көкжиегі. Түркияға жасаған іссапарында Құмар Ақсақалов бірнеше іскерлік кездесу өткізді.

Келіссөз жүргізілген инвесторлардың бірі құрылыспен айналысады. Бүгінге дейін компания Түркияда жалпы саны 12 мың орынға шақталған 3 жатақхана салған. Мұндай нысандар бізге де керек. Сондықтан, аймақ басшысы оларға Петропавлда әрқайсысы 500 орынға шақталған екі студенттер үйін тұрғызып беруге қолқа салды. Құмар Ақсақалов түркиялық жиһаз фабрикасы және минералдық тыңайтқыштар өндіретін агроқұрылым басшылықтарымен де жүздесті. Бауырлас ел кәсіпкерлеріне  өткен жылы құрылған «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы таныстырылды. Мұнда қаржы құйып, өндірісін ашқан шетелдік инвесторлар салықтар мен кедендік алымдардан босатылады. Жалпы, Стамбулда облыс әкімі 5 компания өкілдерімен кездесті. Бұл – әзірге, танысу, келіссөздер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

 

Култанов Байболат