ТЖ

Өңірде дауылды ескерту жарияланды

Өңірде кешеден бері қар жауып, боран соғып тұр. Телефонға келген СМС-хабарламаға сүйенсек, бүгін желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен.

Осы орайда тұрғындардың құлағына алтын сырға. Ауа райы әлі де осы қалпында қалмақ. Өлкемізде ақпанның 18-і мен 19-ы күндеріне дауылды ескерту жарияланды. Қазір облыстық маңызы бар жолдардың барлығы уақытша жабылды. Сонымен қатар, республикалық маңыздағы 8 бағыт бойынша жүруге, әзірге, тыйым салынды.

Иван Онищенко – СҚО ТЖД дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісі:

– Боранды күнде тұрғылықты елді мекеннен ұзап шықпау керек. Қазір облыс бойынша жедел штаб құрылды және жылыту қосындары жұмыс істеп тұр. Егер жолда немесе қар құрсауында қалып қойған жандар болса, көмек сұрап 112 немесе 52-25-29 нөмірлеріне хабарласа алады.

 

 

 

Бердимурат Баймухан