Спорт

Жерлестеріміз Қысқы Арнайы Олимпиададан жүлделі оралды

3 алтын, 2 күміс және 1 қола. Солтүстікқазақстандық спортшылар Қысқы Арнайы Олимпиада ойындарынан жүлделі оралды. Жарыс ақпанның 13-і мен 15-і аралығында Ақтөбе қаласында өтті. Онда еліміздің түкпір-түкпірнен жиылған 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан өзара бәсекеге түсті.

Жеңімпаздарды туған-туыстары мен әріптестері поездан осылай қарсы алды. Андрей Латошенко 33 жаста. Ол Қысқы Арнайы Олимпиадаға жүгіруден қатысқан. Жерлесіміз мұндай деңгейдегі бәсекеде алғаш рет сайысқа түссе де жеңімпаздар қатарынан көріне білді.

Андрей Латошенко – Қысқы Арнайы Олимпиада ойындарының 1-ші орын иегері:

 – Мен аяққа қарадымдағыш киіп жүгіруден қатыстым. Қашықтық – 400 метр. Басында, әрине, қобалжу болды. Бұған дейін мұндай Олимпиадаларға қатысып көрмеппін. Спортшылар да көп болды. Барлығы да мықты екен. Дегенмен, бар күшімді жиып, жеңіске жеттім.

Ал Вера Перетрухина дәл осындай сайыс түрінен әйелдер арасында жарысқан. Олар 100, кейін 200 метр қашықтықты бағындырыпты.

Вера Перетрухина – Қысқы Арнайы Олимпиада ойындарының 1-ші орын иегері:

– Біз жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Сол себепті, жеңіске жету қиын болған жоқ. Мен Арнайы Олимпиада ойындарына жиі қатысамын.

Дүбірлі дода ақпанның 13-і мен 15-і аралығында Ақтөбе қаласында өткен болатын. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан күш сынасты. 4-уі – солтүстікқазақстандық спортшылар. Жерлестеріміз жарыста қанжығаларын 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен майлап қайтты.

Бақыт Жайлаубаева – Петропавлдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

– Қысқы Арнайы Олимпиада спорттың үш түрі бойынша өтті: шорт-трек, юнифайт-флорбол және қармен жүгіру. Солтүстікқазақстандықтар соңғы аталған спорт түрінен бәсекеге түсті.

Спортшылар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жерлестеріміз сәл тынығып алған соң, келесі жарыстарға дайындықтарын бастамақ ниетте.

 

 

Ешкенова Дана