Спорт

«Qulager» құрамасы «Алтай Торпедо»-ны қабылдады

«Qulager» құрамасы өткен демалыс күндері өз айдынында кезекті матч өткізді. Бұл жолы жерлес хоккейшілер үздік бестіктегі командалардың бірі – «Алтай Торпедо»-ны қабылдады.

Кездесудің алғашқы күнінде петропавлдық команда барларын салып, жақсы ойын көрсете білді. Олар қарсыластарын 4:3 есебімен ұтты. Ал ойынның 2-ші күні қонақтар жерлес командадан айлаларын асырып кетті. «Алтай Торпедо» құлагерліктерді 2:3 есебімен артта қалдырды. Қазір «Qulager» командасы 94 ұпаймен турнирлік кестеде 6-шы орында тұр.

 

 

Бердимурат Баймухан