Қоғам

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 31 жыл

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 31 жыл толды. Осыған орай өткен сенбіде ардагерлер интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш алдында бас қосты. Жиналғандар майданда қаза болған қарулас достарын еске алып, есімдері жазылған тақта маңына гүл шоқтарын қойды.

Сол жылдары 1,5 мың солтүстікқазақстандық сарбаз ауған жеріне аттанды. Олардың 50-ге жуығы елге оралмады. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына биыл 31 жыл толды. Осыған орай ардагерлер бір-бірімен ескерткіш алдында қауышып жатыр. Бұлардың барлығы жігіттіктің ауылына енді аяқ басқанда соғысқа баруларына тура келді. Олар жас болса да кезінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарды.

Жоламан Мұхамеджанов – СҚО Ауған соғысы ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары:

– Ауғанстан жерінде 46 адам қаза тапты. Облыс бойынша 741 Ауған соғысының ардагері бар, ал қаланың ішінде 341 адам бар.

Бауыржан Сұлтанов 80-ші жылы әскери борышын өтеуге Түрікменстанға аттаныпты. Кейін 18 жасар жігіт жарты жылдан соң Ауғанстанның Газни провинциясына интернационалист жауынгер болып барады. Ұрыс кезінде азамат жарылған гранатадан қолына жарқыншақ тиіп жараланады. Бірақ, сонда да елге оралмай Отан алдындағы борышын толық өтеп шығады.

Бауыржан Сұлтанов – Ауған соғысының ардагері:

– Біздің миссиямыз вертолеттердің аэродомын күзету болды. Өйткені, сол жердегі полк Газни провинциясынан 18 шақырым жерде. Ол жерге азық-түлік жеткізілетін. Сондай-ақ, операцияларға да қатысып жүрдік.

Шараға жиналғандар соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішінің алдына гүл жоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

 

Бердимурат Баймухан