МТРА жаңалықтары

«Бастау Бизнес» жобасы берген мүмкіндік

Мемлекеттік қолдауды пайдаланып кәсіп ашты. Жерлесіміз Равиль Абдулзянов өткен жылдың қараша айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білімін толықтырған. Қазір он саусағынан бал тамған іскер азамат ағаштан тұрмысқа қажеттінің бәрін жасайды. Тауарға сұраныс жоғары.

Небәрі 250 мың теңге болса да соны пайдаға жарата білген. Тәжірибе таудай, өз ісін ашайын десе қаражат тапшы. Көмекке “Бастау Бизнес” келді. Ағаш шебері Равиль Абдулзянов мемлекеттік жобаға жүгініп, қолдауақыға ие болған. Қолына тиген сомаға станок пен тағы бір арнайы құрылғы сатып алыпты. Солай ағаш өңдеу цехіне жан бітіреді.

Равиль Абдулзянов, ағаш шебері:

– Гранттық ақшаға сатып алған ағаш кесетін станоктан бөлек, тағы біреуін өзім құрастырдым. Әйтпесе, оның бір-біреуі кемінде 500 мың теңге тұрады. Енді қазір цехта 2 білдек бар. Алдағы уақытта өз ісімді кеңейтуді жоспарлап отырмын.

Равиль Абдулзяновтің қолынан келмейтін іс жоқ. Бұл – 20 жылға жуық тәжірибенің нәтижесі. Өз жұмысында негізінен қайың мен қарағайды пайдаланады. Ең алдымен ағашты аралайды, кеседі, қырып-жонады, кейін пішіндейді. Содан, міне, мынадай әдемі дүниелер пайда болады.

Шербердің өнімдеріне сұраныс көп. Тіпті, көрші Ресей, Германия, Қытай секілді шет мемлекеттерден те тапсырыс түсетін көрінеді.

«Бастау Бизнес» Равиль Абдулзянов сияқты өнерден кенде емес, идеясы да сансыз жандарға ойындағын жүзеге асыруға септеседі. Жоба аясында 100-ден 200 АЕК-ке дейін грант беру көзделген. Мәселен, өткен жылы өңірде 2 мыңға жуық адам тиісті курстардан өтіп, белгілі бір сома көлемінде жәрдемқаржыға қол жеткізіпті.

Гүлнәзия Абилева, СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

– Негізі, былтыр «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға облыс бойынша 3 мыңнан астам адам ниет білдірген болатын. Соның 2 мыңға жуығы тиісті грант алса, 344-і Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан қаржыландырылды. 24 адам Аграрлық-несие корпорациясы арқылы несие алды.

Жоба аясындағы 1 айлық кезекті оқыту курстары биыл наурыз айынан бастау алады. Әзірге, тыңдаушы ретінде 800-ден астам адам өтініш білдірген.