Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” республикалық акциясы жалғасуда

Бүгін еліміз бойынша “Жолда қабылдау” республикалық акциясы бастау алды. Шара 3 күнге жоспарланған.

Өңірде аталған акцияны тәртіп сақшылары “Nur Otan” партиясының кеңселерінде, учаскелік полиция қосындары мен фронт-кеңселерде өткізуде. Мамандар тұрғындарды таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін үш күн бойы қабылдап, сұрақтарына жауап береді. Бұйымтайды полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы да жеткізуге болады. 3 сағаттың ішінде жергілікті құқыққорғаушыларға 50-ден астам сауал жолданған. Олардың басым бөлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты.

Жасұлан Оспанов – СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Акция 3 күн бойы өтеді. Бүгін 3 сағаттың өзінде біраз сауалдар қойылды. Көбі құжаттарға байланысты.

 

 

Ешкенова Дана