Спорт

Шаршы алаң шеберлері – Петропавлда

Шаршы алаң шеберлері Петропавлға жиылды! Облыс орталығында ерлер мен әйелдер арасында кикбоксингтан СҚО-ның кубогі үшін жарыс бастау алды.

Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай ұйымдастырылған сайысқа 90-нан астам спортшы қатысып жатыр. Олар дүбірлі додаға еліміздің 10 облысынан келген. Кикбоксшылар теріскей төрінде жексенбіге дейін сынға түспек. Жеңімпаздар медаль, мақтау қағазы және кубокпен марапатталатын болады. Жарыстың алғашқы күні көрермен 63 келі салмақтағы елордалық Мейіржан Зекеновтың қостанайлық қарсыласына қарсы өткізген кездесуін тамашалады. 3 раундтық бәсекеде Мейіржанның асығы алшысынан түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Мейіржан Зекенов – кикбоксшы, Нұр-Сұлтан қаласы:

 – Кикбокспен 3 жыл айналысып келем. ҚР спорт шеберіне үміткермін.

Актолкын Солтанханкызы