МТРА жаңалықтары

Пара алған шенеунікке сот үкімі шығарылды

Қитұрқы әрекеті үшін – лайықты жаза! Пара алған облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарына қатысты үкімі шығарылды.

Бұл туралы  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті департаментінен мәлімдеді. Ғалым Тасболатов ақжарлық серіктестік басшысына мемлекеттік сатып алуларда ұтуға көмектескен. Заңсыз әрекеті үшін шенеунік бизнесменнен 200 мың теңге талап етіпті. Қалтаға оңай жолмен ақша баспақ болған азаматқа қалалық сот 4 жарым млн теңге көлемінде айыппұл салды әрі өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбектену құқығынан айырды.

Байболат  Култанов