Білім

Облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бүгін облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Ауқымды жиында өткен жылы білім саласында атқарылған шаруа қорытындыланып, алдағы жоспар сөз етілді.

Басқарма басшысы Гүлмира Кәрімованың айтуынша өңірде білім беру көрсеткіші өзге аймақтармен салыстырғанда жоғары деңгейде тұр. Оған қоса биыл өңірдегі 7 бірдей мектеп республика бойынша 100 үздік мектеп қатарына кірген. Салада қордаланып қалған мәселелер де баршылық. Өзекті тұрған бағыттардың бірі – кадрмен қамту. Бүгіннің өзінде облыста 40 мектеп директорының орны бос. Әсіресе, М.Жұмабаев, Жамбыл және Қызылжар аудандарындағы білім ұяларына басшы керек. Реттеуді қажет ететін тағы бір бағыт – қала және ауыл мектептерінің білім сапасындағы айырмашылықты азайту.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Әр бала өзінің тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға құқылы. Ол үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Оқу-құралдарынан бастап интернетке дейін қолжетімді болуы керек.

Дана Ешкенова