Құқық қорғау органдары

Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Жолдағы құқықбұзушылықтарды анықтау. Ақпанның 12-сінен бастап солтүстікқазақстандық патрульдік полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын бастады.

Шара барысында тәртіп сақшылары жолға шығып, ортақ тәтіпке бағынбаған темір тұлпар иелерін анықтайды. Рейдтен бөлек, полицейлер жол үстінде қалған жүргізушілерге де көмек көрсетеді. Қазіргі күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала сыртындағы жолдар бақылауға алынған. «Қауіпсіз жол» операциясы барысында өңір полицейлері көлікті масаң күйде басқарған 8 жүргізушіні ұстады. Сондай-ақ, басқа да жол ережесін бұзудың 200-ге жуық фактісі тіркелді.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында «102» нөміріне Ғ.Мүсірепов көшесі бойында жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Петропавл қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп Петропавл қаласының 1987 жылы туған тұрғынын ұстады. Құжаттарын тексеру барысында аталған жүргізуші бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 

Бердимурат Баймухан