Құқық қорғау органдары

Жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға Интернационал көшесі бойындағы Қожаберген жырау атындағы №6-шы орта мектептің маңында бүгін сағат 11-лер шамасында болған. “Тайота” маркалы атокөлікті тізгіндеген азамат жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған 22 жастағы жігітті соғып кетті. Зардап шеккен қала тұрғыны бірден облыстық аураханаға жеткізілді. Азаматтың жағдайы қалыпты. Ал аталған іс бойынша материалдар жиналуда.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚ басқармасының инспекторы:

– Қаңтар айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен екі жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде бір адам қайтыс болды, екіншісі дене жарақатын алған.

Эльмира Садвокасова