МТРА жаңалықтары

Пікір жазам деп басы дауға қалды

Пікір жазам деп басы дауға қалды. Бүгін Қызылжар аудандық сотында жерлес журналист Фархад Тастамбековке қатысты іс қаралды.

Ол жақында шаһардағы балабақшаларды сенімді басқаруға беруге қатысты жазылған фейсбуктегі посттың астына өз ойын қалдырған. Бұл пікір қалалық білім бөлімі басшысының шамына тиіпті. Мемлекеттік қызметші журналист жеке басыма жала жапты деген айыппен сотқа арыз берген екен. Ал, Фархад Тастамбеков мұнымен келіспейді. Бүгін қос тарап алғаш рет кездесті. Келесі жүздесу ақпанның 18-іне бектіліген. Атқарушы билік пен төртінші билік арасындағы дау біздің арна бақылауында болмақ.

Анна Лесных – Фархад Тастамбековтың қорғаушысы:

– Білім бөлімінің басшысы материалдық не моральдық шығын өтеуді сұрап отырған жоқ. Тек постың астына жазылған пікірдің азаматшаға бағытталғанынын мойындап, кешірім сұрауды талап етіп отыр. Бірақ, біздің позициямыз өзгеріссіз қалады. Бұл пікірдің жеке оған еш қатысы жоқ.

Эльмира Садвокасова