Спорт

Палуандар жеңіс тұғырынан көрінді

Спорт сүйер қауымға сүйінші жаңалық! Солтүстікқазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Семей қаласында өткен ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

23 жасқа дейінгі палуандар арасында ұйымдастырылған жарыста Бауыржан Мусин топ жарды. Ол 87 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Ал, Исмаил Исмаилов қолаға қол жеткізді. Жерлесіміз 67 киллограмда күресті. Айта кетейік, қос спортшы да Қазақстан Ұлттық құрамасы сапына алынды. Енді олар ел намысын халықаралық додаларда қорғайтын болады.

Байболат Култанов