Спорт

“Qyzyljar” ФК кезекті маусымға дайындалып жатыр

Жергілікті “Qyzyljar” ФК премьер-лигаға қызу дайындалып жатыр. Осы күндері солтүстікқазақстандық аяқ доп шеберлері Түркияның Белек қаласында 2-ші оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Оған 30-ға тарта жігіт шақырту алды. Спортшылар Жерорта теңізінің жағалауында ақпан айының 5-і мен 26-сы аралығында шеберліктерін шыңдайтын болады.
Теріскейлік құрама сапын жаңа ойыншылар толықтыруда. Араларында Петропавл футбол мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Скорых та бар. Жақын арада Тимур Мульдинов те ұжымға қосылмақ. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, былтыр облыс әкімі Құмар Ақсақалов дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына футболшыны сырттан шақыртпай, өзіміздің жігіттерге жол ашу қажет деген болатын. Бүгінде аймақ басшысының тапсырмасы орындалып жатқанын көреміз. Тағы, клубқа қорғаушы УрОш Делич те қайта оралды. Қызылжарлықтар оқу-жаттығу жиындарынан соң бірден Алматыға аттанбақ. Онда наурыздың 7-сі күні былтырғы чемпион – “Астана”-ға қарсы алғашқы кездесу өткізеді.

Байболат  Култанов