Құқық қорғау органдары

Өңірдің бас полицейі халық алдында есеп берді

Аулаларда бейнебақылау құрылғысын орнату, көшедегі камераға түсірілген жазбаны алу тәртібі. Облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев тұрғындармен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Уважаемые североказахстанцы! Я решил провести свой традиционный отчет в новом формате. Сегодня остановимся на актуальных проблемных вопросах, а еще отвечу на интересующие вопросы.

Бүгінгі кездесу қарапайым форматта өтіп жатыр. Облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев өткен жылға қысқаша ғана тоқталып өтті. Кейін, тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Сәбит Болатов – қала тұрғыны:

– Мәселен, біреу менің машинамды бүлдіріп кетті делік. Осындай жағдайда көшедегі немесе ауладағы камералар түсірген бейнежазбаны алу мүмкін бе?

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Бұзақылар әдейі бүлдіріп кететін болса арыз жазып қарай аласыз. Түсірілген дүниені зерттей отыра кінәлілерді жазалаймыз.

Лариса Винокурова өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына ұзақ уақыттан бері бейнекамера орната алмай жүр. Бірнеше мәрте тиісті компанияға жүгінсе де жауап әлі келмепті.

Лариса Винокурова – қала тұрғыны:

– Біз тәртіп сақшылары және аула тұрғындарымен кездесіп жиналыс өткіздік. Көршілерімізден жазбаша қолхат алдық. Ай сайын абоненттік төлем жасап тұрамыз деп келістік. Бірақ, 1 жыл болды ауламызға камера әлі орнатылған жоқ.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

–  Егер тұрғындар ақша төлеуге келісіп отырса камера орнатуға болады. Мен қалалық полиция басқармасының бастығына осы істі бақылауға алуға тапсырма беремін. Барлық жерде камера болған дұрыс.

Есептік кездесуде аудан тұрғындарынан әлеуметтік желі арқылы да сауалдар түсіп жатты. Жалпы, жиында 11 сұрақ қаралды.

Бердимурат Баймухан