ЕС-164\3 мекемесінде шығармашылық секция ашылды

Қоғам

21:28 7 Ақпан 2020

Сурет салу, ағаш пен балшықтан бұйым жасау. ЕС-164\3 мекемесінде шығармашылық секция ашылды. Бұл бағыт жазасын өтеушілерді тәрбиелеу мақсатында қолға алынып отыр.

Жазасын өтеушілердің бірі фотосуретті салып қоюға арналған жиектемені әзірлеу үстінде. Дайындап жатқан алғашқы жұмысын ұлына арнапты.

Бостандыққа шыққан соң өзіне сыйға тартам дейді. Одан бөлек, мұнда ағаштан түрлі бұйымдар мен үй жиһаздарын жасайтын шеберлерді кездестірдік. Ал қылқалам иесі табиғаттың суретін айнытпай қағаз бетіне түсіруде.

Ал Қайрош Айтбаев гипстен мүсін жасаудың қыр-сырын жіті меңгерген. Ер адам түзету мекемесіне осыдан 5 ай бұрын түсіпті. Біреумен сөзге келіп қалып, жаға жыртысқан екен. Кейін, үстінен арыз жазылып, салдарынан 3 жылға темір торға қамалыпты. Шебер не де болса жақсылықтан үміт үзбеймін дейді. Жазасын өтеп жүрсе де кәсібін ұмыт қалдырмапты. Күнде осында келіп, тарихи тұлғалардың мүсінін әзірлеп жүрген көрінеді. Туындыны дайындау үшіні 3 күн тер төгіпті.

Қайрош Айтбаев – ЕС-164\3 мекемесінде жазасын өтеуші:

– Абайдың суретін кітаптан тауып алдым. Онда басы сол жақа қарап тұрған еді. Мен оны өзгертіп істедім.

«Көзімнің қарасы» – Абай Құнанбаевтың ғашықтық сезім туралы жазған әні. Жандос Ақмағамбетов Абайдың шығармаларын сүйіп оқиды екен. Азамат ақынның табиғат жайлы баяндаған туындыларын гитараға салып, әнге айналдырып орындауға тырысады. Жақындарынан жырақта жүрген Жандос өлеңнің жанына жылулық беретінін айтады.

Өзін-өзі тәрбиелеу, өндірістік және санитарлық-гигиеналық. Жалпы, түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған 3 жаттығу секциясы бар. Жуырда қатарға тағы біреуі қосылды. Қолға алынған жаңа бағыт қолданбалы өнер және шығармашылыққа негізделген.

Рүстем Рахметов – ЕС-164\3 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

– Секция жазасын өтеушілер салауатты өмір салтын ұстануы арналады. Жаңа бағытқа 17 адам қатысады.

Жалпы, ЕС-164\3 мекемесінде қазіргі күні 261 адам жазасын өтеп жатыр.

Маржан Қасымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Қыркүйектің 2-ші жексенбісі – Отбасы күні
“Telegram”-да әйелдер үшін ақпараттық арна ашылды
2-ші ЖЭО-ында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр
СҚО-да 3,5 мыңға жуық жетім баспана кезегінде тұр
Қазақстандық диплом Еуропа елдерінде жарамды болмақ
Ана үйінде шеберлік сағаты өтті
СҚО-да “Аға сеньорлар” жобасы жүзеге асуда
Жолақы әзірге өспейді
Петропавлда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Явленкадағы оң өзгерістер
Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні