Құқық қорғау органдары

Петропавлда 2 жеңіл көлік соқтығысып қалды

Бүгін қаланың қақ ортасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Таңғы 9-дар шамасында М.Жұмабаев пен Интернационал көшелерінің қиылысында “Лада Гранта” мен “Тайота Прадо” автокөліктері соқтығысып қалды. Салдарынан “Лада гранта”-ның жүргізушісі мен жанында отырған жолаушы түрлі дене жарақатын алған.

Екеуі де бірден ауруханаға жекізіледі. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ал екінші көлікті тізгіндеген жүргізуші жарақаттанбаған.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚ басқармасының инспекторы:

– Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал жиналып, әкімшілік полиция бөліміне процесуалдық шешім қабылдану үшін тапсырылды. Жалпы, жыл басынан облыста 6 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 1 адам қаза тапқан, 7 адам әр түрлі жарақат алған.

Ешкенова Дана