БалаларҚоғам

Ерекше форматта жиын өтті

Облыстық кітапханада ТЕDx форматында жиын өтті.

Ерекше форматтағы конференция Петропавлда 3 айда 1 рет ұйымдастырылып тұрады. Мұнда өмір және еңбек жолында белгілі бір жетістікке жеткен тұлға тәжірибесімен бөлісіп, идея ұсынады, кеңес береді. Ең алдымен, ортаға қаржы саласының маманы Кристина Маракушкина шықты. Бүгін ол жастарға қиындықтан қорықпай, батыл, еңбекқор болу қажеттігін айтты. Әрі жастардың, яғни болашақ мамандардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Кристина Маракушкина, жиынға қатысушы:

– Ең алдымен өз-өзіңе деген сенімділік қажет. Алға қойған мақсаттан таймау керек. Еңбек әрқашан жоғары бағаланады. Мен жұмысымды әуелде қарапайым банк қызметкері болып бастадым. Қазір бизнесті дамыту жөніндегі менеджермін. Әріптестерімнің ортасында сыйлымын.

 

 

Актолкын Солтанханкызы