Спорт

Қарымта кездесуде «Qulager» ХК «Ертіс» құрамасынан ұтылып қалды

Теріскейлік имек таяқ шеберлері өткен жұма күні сырт айдында павлодардық хоккейшілермен қарымта ойын өткізді.

Павлодарлық хоккейшілер жерлестерімізге дес бермей, мықтылықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қарымта кездесуде құлагерлік ойыншылар тек бір шайбамен ғана шектелді. Матч соңы 5:1 есебімен аяқталып, айдын иелерінің пайдасына шешілді. Петропавлдықтар турнирлік кестеде 6-шы орнын сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтар келесі ойындарын ақпанның 11-і мен 12-сі күндері өз айдындарында нұр-сұлтандық «Астана» құрамасына қарсы өткізеді.

 

 

Актолкын Солтанханкызы