Құқық қорғау органдары

Дүкендерден ақша ұрлап жүрген 3 ер адам ұсталды

4 дүкеннен 700 мың теңге ұрлаған. Кассадағы қаржыны қалтаға басып жүрген үш петропавлдық қолға түсті. Үшеуі де тергеу изоляторына қамалды. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Үшеуінің қулығы кинодағыдай. Екеуі сатып алушы болып сатушыны алдастырады, біреуі оңтайлы сәтті пайдаланып кассадан ақша ұрлайды. Іздерін бірден суытып отырған. Жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Бескөлге бет бұрғанда өздері де қармаққа түсті. Тәртіп сақшылары ұрыларды бірнеше күн бойы іздестіріп, шұғыл шаралардың бірінде құрықтады.

Біреуі 44-те, екіншісі 33-те, ал үшіншісі 31-де. Бұрындары мүлік ұрлығы үшін бірнеше рет істі болған. Ұрлық жасауды ермек қылған үшеуінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Жеңісгүл Бейсембина – Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

 – Петропавл қаласының Полиция басқармасына қала аумағындағы азық-түлік дүкендерінің иелері белгісіз тұлғалардың кассадан ақша қаражаттарын ұрлау фактісі бойынша жүгінген болатын. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау барысында бұрын сотталған Петропавл қаласының 43 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыс күдіктінің таныстары сатушының назарын басқа нәрсеге бөліп тұрған кезде жасалған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 3-ші бабы – “Тонау” бойынша іс қозғалды. Аталған бапта 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдіктілер қазір тергеу изоляторында отыр.
Жалпы, өткен жылы облыс аумағындағы дүкендер мен сауда үйлерінде 200-ге жуық ұрлық тіркеліпті. Оның 141-інің беті ашылған.

 

 

 

Ешкенова Дана