Құқық қорғау органдары

Петропавлда 42 жастағы келіншек есірткімен ұсталды

Петропавлда 42 жастағы келіншек есірткімен ұсталды. Өзінен – 5, ал үйінен 284 грамм героин табылыпты. Аса ірі көлемде наша сақтап келген әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

42 жастағы келіншек Жұмысшы кентінде тұрып келген. Оны тәртіп сақшылары қылмыс үстінде ұстайды. Героин сатпақшы болыпты. Тәркіленген заттың салмағы – 5 грамм.
Бұдан бөлек, наша әйелдің үйінен де табылды. Тінту кезінде тағы 284 грамм героин мен электронды таразы анықталған.

– Данные полимерные свертки, с веществом порошкообразным, помещаются в чистый пакет. Сверток №1, сверток № 2, сверток № 3

42 жастағы келіншек бұрын осыған ұқсас әрекеті үшін сотты болған. “Ауру қалса да, әдет қалмайды” демекші, жазасын өтеп шықса да мына ісінен айрыла қоймаған көрінеді. Қазір бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Әйелдің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Темірхан Ищанов – Петропавл қаласы ПБ бөлімінің жедел уәкілі:

– Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері ағымдағы жылғы 23 қаңтарда есірткі заттарын өткізген Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үйінен 284 грамм героин тәркіленді. Қазіргі уақытта қамауға алынды.

Осы орайда айта кетейік, өткен 12 айда солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз айналымнан 436 келі болатын түрлі есірткі затын тәркілеген. Оның 115 грамнан астамы – героин. Ал үстіміздегі жылы 630 грамм наша тәркіленіпті. 289 грамы героин болса, 270 грамға жуығы – синтетикалық есірткі.

Дана  Ешкенова