Спорт

“Qulager” құрамасы “Теміртау”-ды 4:0 есебімен ұтты

Жуырда “Qulager” хоккейшілері өз айдынында “Теміртау” құрамасын қабылдаған болатын. Қос команда 2 күн бойы тартысты бәсеке өткізді. Жерлестеріміз матчтың алғашқысын 4:3 есебімен ұтса, қарымта кездесуде айқын басымдықпен алға шықты.

Жерлестер алғашқы кездесуде басымдық танытып 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бүгін міне қарымта кездесу. Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ құлагерліктер шабуылға басты. Осы қарқанмен ойынның 9-шы минутында қарсыластардың қақпасынан саңылау тапты. Станислав Логинов берген пасты ұтымды пайдаланған Евгений Попитич шайбаны теміртаулықтардың қақпасына дәл бағыттай білді. Есеп 1:0.

Дәл осы айналымда петропавлдықтар қанжығаларын тағы 2 ұпаймен майлады. Олар қарсыластарын асқан шапшаңдықпен алдап өтіп, есепті еселей берді. Осылайша 1-ші айналымның соңы 3-0 есебімен аяқталды.

–  Жігіттер кешегіге қарағанда жақсы ойнап жатыр. Бүгін олар жинақырақ көрінеді. “Qulager”-ге сәттілік тілеймін.Ойыншылар бүгін тырысып жатыр. Кездесу 4:1 есебімен аяқталады деп ойлаймын.

Ал 3-ші айналымда теміртаулықтар қанша рет шабуыл жасаса да “Qulager” командасының қақпасынан саңылау таба алмады. Жерлес қақпашы жақсы қорғаныс көрсетіп, шайба өткізген жоқ. Айналымның 10-шы минутында Илья Ахметов берген пастан кейін Денис Стасюк қарсыластардың қақпасына тағы бір шайбаны дәл дарытты. Есеп 4:0.

Матчтың соңғы периоды өтіп жатыр. Жерлес құрама енді өз қақпаларына шайба өткізіп алмау үшін барынша ептілік танытып ойнауда. Қарсылас құрама есепті өзгертуге қанша тырысқандарымен түк шықпады. Сол себепті, өштерін жұдырықпен алғылары келген сияқты.

Александр Троицкий, “Qulager” ХК бас бапкері:

– Жігіттер тырысты, ептілік танытты, бір-бірін қорғады. Өзім ойынға өте риза болып отырмын. Кеше де жеңдік. Жанкүйерлерге де көп алғыс білдіремін. Енді «Ертіс» құрамасына қарсы матчқа дайындаламыз. Алға қойған жоспарларымыз көп.

Петропавлдықтар қазір 85 ұпаймен турнирлік кестенің 5-ші орнына жақындап қалды. Келесі ойынды құлагерліктер қаңтар айының 30-ы мен 31-і күндері павлодарлық «Ертіс» құрамасына қарсы өткізеді.

Бердімұрат Баймұқан