МТРА жаңалықтары

Жерлесіміз әлемдік додада үздіктер қатарынан көрінді

Спорт сүйер қауымға жағымды жаңалық! СҚО-ның конькимен жүгіру спорты федерациясының президенті Александр Кистенев әлемдік додада үздіктер қатарынан көрінді.

Ол қаңтардың 10-ы мен 19-ы аралығында Австрияда өткен «Мастерс-2020» бүкіләлемдік қысқы ойындарына қатысқан болатын. Аталған жарыста жерлесіміз 500 және 1000 метрде бақ сынады. Қос қашықтықта да қарсыластарына лайықты бәсеке танытып, қос қола медаль еншіледі. Жалпы, әлемдік додада 3 мыңға жуық адам спорттың 12 түрінен мықтыны анықтады. Айта кетейік, бұл сайыс – олимпиада ойындарына ұқсас. Бірақ, мұнда жасы 30-дан асқан жандар өнер көрсетеді.

Актолкын Солтанханкызы