Kurultai banner mobile

МТРА жаңалықтары

Қар құрсауынан құтқарылды

Өңірімізде бірнеше күннен бері ақтүтет боран соғып тұр! Мұның салдарынан дауылды ескерту жарияланып, жолдар жабылды.

Қазір құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар қаңтардың 23-і мен 24-не қараған түні Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Шал ақын және Мамлют аудандарында қар құрсауында қалған 12 автокөлік пен 31 адамды құтқарады. Жалпы, жыл басынан бері өңірімізде 20-ға жуық дауылды ескерту жарияланған екен. Жолдар да бірнеше мәрте жабылған. Соңғы мәліметке сүйенсек, қар құрсауынан 74 көлік шығарылыпты. Құтқарылған адамдардың саны 224-ті құрайды. Оның 29-ы – бала. 34 мәрте апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілген. Осы орайда айта кетейік, облыстық ТЖД өкілдері боранды күндері тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтап, алыс жолға шықпау қажеттігін ескертеді.

Байболат Бектемірұлы