Спорт

“Құлагер” ХК көкшетаулық “Арланды” жеңді

“Құлагер” ХК турнирлік кестенің көшбасшысы – “Арланды” жеңді. Кездесу сырт айдында – Көкшетау қаласында өтті.

Ойынның 2-ші минутында-ақ есеп ашылды. Таблодағы санды бірінші болып солтүстікқазақстандықтар өзгертті. Шайбаны Станислав Логинов соқты. Алайда, жергілікті команданың қуанышы көпке созылмады. Бірер минуттан соң қарсыластар есепті теңестірді. Ал матчтың ортасында жанкүйерлерін, тіпті қуантты. Иван Кисилевтің соққан шайбасы айдын иелерін 2 де 1-мен алға шығарды. Троицкий бастаған имек таяқ шеберлері есепті өзгертуге бар күштерін салды. Алайда, көкшетаулықтар да дес бермеді. “Арлан” қақпасынан саңылау тек ойынның 58-минутында табылды. Осылайша, кездесудің нәтижесі овертаймда анықталды. Шайбаны Денис Стасюк соғып, есепті 2:3 қылды. Атап өту қажет, “Qulager” баяғыша турнирлік кестенің 6-шы орнында тұр. Командалар арасындағы қарымта кездесу бүгін өтеді.

 

 

Эльмира Садвокасова