Қоғам

Шыршалар алынып тасталды

Бүгін Жаңа жыл мейрамына орай қойылған шыршылар алынып тасталды. Яғни, араға 20 күннен аса уақыт Петропавлдың орталық алаңы мен қалалық әкімдік маңындағы жасыл желек алынды.

Мерекенің басты сәні желтоқсан айының соңында орнатылған болады. Содан бері айналаға ерекше көрік беріп тұрды. Айта кетейік, биыл да облысымызда Жаңа жылды тойлауға бюджеттен ақша бөлінбеді. Барлық іс кәсіпкерлер берген қаржыға тындырылды. Яғни, сәулеттік мүсіндер, аққалалар бизнесмендердің қаражатына тындырылды. Осы орайда қалалық әкімдік өкілдерінің тұрғындарға айтары бар.

Дархан Айтпаев – қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әдіскері:

– Жаңа жыл мерекесі өтті. Соған байланысты қаламыздағы 2 шыршаны алып тастап жатырмыз. Тек, шыршылар ғана алынады. Сәулеттік мүсіндер мен сырғанақтар сол қалпында қалады. Олар қар ерігенше тұрады. Сондықтан адамдар орталыққа келіп, уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізе алады.

Рүстем Жұмағалиев – СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы:

 – Соңғы уақытта боран жиі бас көтеруде. Қаланың ішінде аса байқала қоймағанымен сыртта ақтүтек боран соғып тұрады. Осындайда кей тұрғындар ескертуді елемей, көлігімен жолға шығып кетеді. Кейін барып бағытынан адасып немесе тоқтаған жерінде қар құрсауында қалып қояды. Сол себепті, барлық ескерту шараларына құлақ түрген жөн.

 

Эльмира Садвокасова