Спорт

“Qyzyljar” ФК кезекті маусымға дайындалып жатыр

“Qyzyljar” ФК кезекті маусымға дайындалып жатыр. Бүгінде аяқ доп шеберлері Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Дайындық барысында жергілікті жігіттер бірнеше жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Өкінішке қарай, олар венгриялық және болгариялық құрамаларға есе жіберді алды. Артынша спортшылар украиналық “Мариу́поль” командасымен тең түсті. Матч 1 де 1 есебімен аяқталды. Теріскейліктер сапынан қаралымда жүрген ойыншы көзге түсті. Әзірге, гол авторының аты-жөні белгісіз. Ал кеше петропавлдықтар түркіменстандық “Ахал”-мен бәсекеге түсіп, қарсыластарға 1 де 0 есебімен ұтылды. Айта кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасы наурыз айында басталады. Солтүстікқазақстандық ұжым алғашқы кездесулерін 7-сі күні сырт алаңда өткізеді. Жерлестеріміз елордада былтырғы чемпион – “Астана” командасымен күш сынаспақ.

Эльмира Садвокасова