Құрылыс

Өңірде құрылыс қарқыны артқан

Өңірде құрылыс қарқыны артқан. 2019 жыл бойынша өсім 8 процентті құрап отыр. Баспана, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы нысандарын тұрғызуға өткен жылы 87 млрд теңге жұмсалыпты.

Құрылыс жұмыстарын көбіне жеке меншік компаниялар жүргізеді екен. Өткен 12 айдың ішінде олар облыс бойынша 1200-ге жуық ғимарат салған. 1100-дейі – тұрғын жайлар. Былтыр халыққа қолданысқа берілген баспаналардың жалпы ауданы 250 мың шаршы метрді құраған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп.

 

 

 

 

Саят Ермек