Бизнес және экономика

Өңірдің ЕАЭО елдерімен арадағы алыс-берісі

Статистикалық мәліметтерге кезек берейік. Өңірдің еуразиялық экономикалық елдермен өткен жылдың қаңтар-қараша айларындағы алыс-берісі 322 млн долларды құраған.

Атап айтар болсақ, 271 млн – ол СҚО-ға кіргізілген тауардың көлемі, ал экспорт көрсеткіші 11 айда 51 млн долларға жетіпті. Еуразиялық экономикалық елдер арасында сауда-саттық, әсіресе, Ресеймен тығыз жүргізіледі. Көрші елмен алыс-беріс 309 млн АҚШ долларын құрап отыр. Беларусьпен тауар айналымы жалпы көлемнің 2,8 пайызын қамтыса, Қырғызстанмен алыс-берістің үлесі 1 пайыздың төңірегінде.

Эльмира Садвокасова