Құқық қорғау органдары

Рөлге масаң күйде отырған ер адам жауапкершілікке тартылды

Көлікті масаң күйде жүргізгендерге қатысты жаза жуырда ғана қатаңдатылып еді. Петропавлда заңдағы өзгерісті елемеген орда бұзар жастағы ер адам ұсталды. 33 жастағы жігіт рөлге ішіп алып отырған.

– Ехал на машине в нетрезвом виде. Теперь, получается, 15 суток и 7 лет лишения, по новому законодательству. Надо не ездить пьяным за рулем.

Ойнап жүріп, опық жеу деген осы… Көлікті масаң күйде басқарған мына жігіт енді бармағын тістеп отыр. Өкінгенмен не шара? Қолыңмен істегенді мойныңмен көтеру керек. Орда бұзар жасқа келген жігіт Жұмабаев пен Интернационал көшелерінің қиылысында ұсталды. Кезекті тексеріс барысында. Сол уақытта оның ішіп алғаны анықталды.
Бірден оның көлігі айып тұрағына қойылады, ал бұзақыға қатысты іс мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады. Енді ол 15 күнге әкімшілік қамауға алынады және көлік жүргізу куәлігімен бірнеше жылға қош айтысады.

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары: 

–  Азамат 15 күнге қамауға алынды. Тағы, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды. Айта кетсек, бұл жаңа күшейтілген заңнама бойынша жасалған алғашқы іс.

Осы орайда темір тұлпар иелерінің құлағына алтын сырға. Биылдан бастап тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілді. Яғни, рөлге масаң күйде отырғандарға жаза күшейтілді.
Жалпы, былтыр өңірімізде ішімдікті ұрттап алып көлік басқарған 1300-ден астам адам ұсталған, ал жаңа жылдан бастап тәртіп сақшылары 24 жайтты тіркепті.

Актолкын Солтанханкызы