Құқық қорғау органдары

СҚО-да 20 тонна тақтай тиелген “КамАЗ” аударылып қалды

Қаңтардың 13-і Мамлют ауданындағы трассада оқыс жағдай орын алды. Покровка ауылының маңындағы айналмалы жолда «КамАЗ» көлігі тіркемесімен бірге аударылып қалды.

20 тонна тақтай тиелген жүк машинасы  Түменнен Бішкекке бет алған екен. Алайда, тауар діттеген жеріне уақытында жеткізілмейді. 42 жастағы шымкенттік жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, техника аударылып қалған. Абырой болғанда, жергілікті тұрғындар мен полицейлер көмекке келіпті. Соңғылары бірден хабар беріп, тиісті қызмет мамандарын шақыртқан. Қазір “КамАЗ” – жөндеуде. Техника жарамды болғаннан кейін қайта жолға шығу мәселесі қарастырылмақ.

Эльмира Садвокасова